Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар мектептеріндегі 4 мыңнан астам бейнебақылау полиция жүйесіне қосылған

Павлодар мектептеріндегі 4 мыңнан астам бейнебақылау полиция жүйесіне қосылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні 4095 бейнекамерасы бар облыстың 181 мектебі Павлодар қаласының Жедел басқару орталығына қашықтан қол жеткізу арқылы терең сақталу арқылы бейнебақылау жүйесіне қосылған.

– Жүргізілген тексеру нәтижесі 110 мектеп турникеттермен, кіруді бақылау жүйесімен жабдықталғанын, ал дабыл түймелері барлық мектептерде орнатылғанын көрсетті. 106 мектепте мамандандырылған күзет енгізілді. Қалған ұйымдарда күзетшілер мен вахтерлер жұмыс істейді. Облыстың 359 мектебі 10 405 бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Жедел басқару орталығында орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне онлайн қолжетімділік бар, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Спикер атап өткендей, барлық білім беру мекемелерінде смс хабарлама немесе қоңырау арқылы дабыл туралы хабарлау бойынша күзет агенттіктерімен өзара іс-қимыл алгоритмі орнатылған.

– Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, полицейлер мектептерді техникалық жарақтандыруға тексеру жүргізуде, – деп атап өтті Мұстафинов.

Естеріңізге сала кетейік, » Назар аударыңыз – балалар!» ЖПШ облыс аумағында 21-31 тамыз аралығында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру