Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да кадрлық жұмыс мәселесі талқыланды

Павлодар облысы ПД-да кадрлық жұмыс мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жыл ардагерлердің идеологиялық құрамдас бөлігі мен бай өмірлік, практикалық тәжірибесіне баса назар аудара отырып, ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін жетілдіруге арналған. Осыған байланысты ардагерлеріміздің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізу ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы жылы орта буынның басшы құрамын кезектен тыс аттестаттау өтеді, оның басты мақсаты – кәсіби кадр резервін қалыптастыру.

– Студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін Торайғыров университетімен меморандум жасалды, оның аясында заң факультетінің студенттері үшін “Жас заңгер” клубы құрылды. Павлодар облысының полиция департаменті отыз бес жастан аспаған, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және полицияда қызмет етуге жарамды деп танылған жастарды ішкі істер органдарына қызметке қабылдауды жүзеге асырады, – дейді ПД бастығының орынбасары.

Қазақстанда құқық қорғау органдары үшін кадрларды кәсіби даярлаумен бүгінгі таңда төрт жоғары оқу орны айналысады. Бұл Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және Малкежар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.

Сонымен қатар Шымкенттегі ІІМ және Павлодардағы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталықтары ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды бастапқы кәсіптік даярлауды жүзеге асырады.

– Полицияға қызметке кіру үшін кез келген ішкі істер бөлімінің кадр бөлімшесіне жүгіну қажет, онда түсу тәртібі, шарттары, қандай құжаттар қажет екендігі егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Үміткер сонымен қатар дәрігерлік комиссиядан өтіп, ҰБТ тапсыруы тиіс, – деп атап өтті спикер.

Курсанттарды қабылдау және оқыту жабдықталған жатақханада тегін тұруды, ай сайынғы шәкіртақы алуды, тамақпен, заттай қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, тегін спорт секцияларын, тұрғылықты жеріне поезбен баруды және кері қайтуды көздейтін мемлекеттік тапсырыс негізінде жүргізіледі. Күндізгі оқу нысаны бойынша толық курсты аяқтағандар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. Түлектерге бөлу бойынша қызмет өткеру бағытымен жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

Оқуға түсу тәртібіне сәйкес құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырған үміткерлер қабылдана алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру