Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы кадеттермен кездесті

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы кадеттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында Павлодар қаласының №24 ЖОМ базасында болашақта полицей болуды жоспарлап отырған балаларға арналған алғашқы полиция сыныбы ашылды.

Іс-шарада Василий Скляр кадеттерге полиция қызметінің артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді.

– Полицей – бұл құқықтық тәртіпті және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді мемлекет жүктеген адам. Тәртіп сақшылары күн сайын бейбіт азаматтардың өмірін қорғайтын адамдар. Полицейлердің жұмыс күндері – бұл тек қуғындар мен қауіптер ғана емес, сонымен қатар азаматтармен, аумақтық ұйымдармен, билік өкілдерімен, ҮЕҰ және жұртшылықпен жұмыс жасау. Полиция қызметкерлерінің денсаулығы жақсы болуы керек, әйтпесе ІІМ құрылымына жұмысқа орналасу мүмкін болмайды. Офицер болу, елімізді және азаматтарымызды қорғау – біздің міндетіміз, ал кадет болу керемет, – деді Василий Скляр әңгіме барысында.

Кездесу барысында Василий Скляр кадеттермен әртүрлі тақырыптарда әңгімелесті: мектептегі үлгерім, сыныптастармен достық, оқушылардың қызығушылықтары, балалардың армандары, сондай-ақ өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ішкі істер органдарында қызметті насихаттауға бағытталған жұмыстар туралы.

Болашақ офицерлерге облыстық полиция ведомствосының басшысы полициядағы қызметі, өзінің балалық армандары мен оның қалай полиция қызметкері болғаны туралы және неге дәл осы мамандықты таңдағаны жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар, кадеттер Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына түсу шарттары туралы білді. Балаларды Василий Васильевичтің Жедел басқару орталығының жұмысы туралы әңгімесі қызықтырды.

Жедел басқару орталығына экскурсия балалар үшін нағыз тосын сый болды, оларға  құқық бұзушылықтардың фото және бейнетіркеуін көрсете отырып, мастер-класс өткізілді.

ЖБО бастығы Ренат Шамгунов балаларға бейнебақылау камераларын көрсетті, балалар полиция ведомствосының жаңа жобалары туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады, «тұтас жабынның» не екенін білді, полицияның «бәрін көретін» көздерін көрді.

Кадеттер заң бұзушылықтарды іздеуді ерекше қызығушылықпен бақылап, сондай-ақ олардың мектебінде орнатылған камералар халыққа сервистік қызмет көрсету қағидаты бойынша ЖБО-ға да қосылғанын көрді, содан кейін полицияға сұрақтар қойып, оларға жауаптарын алды.

Өзара тәжірибе алмасып, кадеттер болашақта полиция қызметкері болуға ниет білдірді.

№24 ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Қайырғалиқызының пікірінше, мұндай іс-шаралар кадеттерге полиция қызметкерінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысуға және ішкі істер органдарындағы қызметі туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

– Бүгін біз үшін барлығы қызықты болды. Полиция департаментіне үлкен қуанышпен бардық. ЖБО қалай жұмыс істейтінін және бұл не екенін көрдік. Мұнда бүкіл қаламыз көрінеді. Біз бір жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын көрдік, тағы бір жүргізуші терезеден шылым лақтырды. Полиция қызметкері бірден рация арқылы ақпарат берді. Басқа камераларды қарап жатқанда, тәртіп бұзушыларға полиция келді, – деп жас кадеттер өз әсерлерімен бөлісті.

 

– Ал мені қалай полиция қызметкері бола аламын деген сұрақ қызықтырды. Мен бұл сұрақты басты полицейге  қойдым. Василий Васильевич полиция қызметкері болу оның балалық арманы екенін айтты. Мектептен кейін ол Қарағанды ІІМ Академиясына түсіп, кейін магистратураны да бітірді. Ол бізге өз арманын орындауға, спортпен шұғылдануға және жақсы оқуға кеңес берді, – дейді кадет Әлмансұр Лұқман.

Балалар Полиция департаменті бастығының әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Кездесу соңында кадеттер Василий Васильевичке қызметіне табыс тілеп, өздеріне қонаққа шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру