Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 6 жыл бұрын орын алған пәтер ұрлығын ашты

Түркістан облысының полицейлері 6 жыл бұрын орын алған пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері алты жыл бұрын орын алған пәтер ұрлығын ашты. Яғни, жергілікті тұрғын үйіне белгісіз азаматтың ұрлыққа түскендігі жөнінде полиция бөліміне арызданып келген. Онда үйінің ауласында орналасқан гараждан құрылыс құрал-жабдықтарын жымқырып, 100 мың теңгеге жуық шығын келтіргенін көрсеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Тәртіп сақшылары жәбірленуші ер адамның ұрланған заттарын қайтару мақсатында жан-жақты іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жинақталған ақпарат көздерінің нәтижесінде, арада алты жыл өткен соң күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта ауылдасының үйіне заңсыз кіріп, аталған құрал-саймандарды жымқырып кеткен. Оларды көше бойына алып шығып, өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің біріне сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру