Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстары жүргізілуде

Маңғыстауда сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 түзету мекемесінің теологиялық оңалту жұмысының ұйымдастыру бөлімінің  инспекторлары жоспарға сәйкес экстремизм және терроризм баптарымен сотталған азаматтарға қазақи құндылықтарға бейімдеу, ақпараттық-насихаттау және ортаға қайта бейімдеу арқылы оңалту жұмыстарын үнемі жүргізеді.

Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірдеректі фильмі сотталғандардың назарына ұсынылды.

Сотталғандарға қазақтың тарихи тұлғаларының ойшыл жазушы, ақын, композитор екендерін айтып,  пікірталас жүргізе отыра, тиісті жауаптарын алды. Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру