Павлодар облысы ҚАЖД-де сотталғандар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі
Павлодар облысы ҚАЖД-де сотталғандар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомствоаралық үйлестіру мен құқықтық насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы пенитенциарлық жүйе қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасында есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманың новеллалары туралы құқықтық түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізеді.
Осы іс-шаралар шеңберінде есірткіге теріс көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған топтық және жеке әңгімелер жүргізілді.
Павлодар облысының аумағында барлығы бес колония орналасқан, онда мыңнан астам сотталған жазасын өтейді. Оның 124-і есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесіне түскен.