Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 1 300-ге жуық көлік айыптұраққа қойылды

Павлодар облысында 1 300-ге жуық көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бері 1 291 автокөлік Павлодар облысының айыппұл тұрағына қойылды.

– Бір күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін түрлі маркалы 21 автокөлік тәркіленді. Оның ішінде: сегіз автокөлік жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарып, қозғалысқа қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. Алты автокөлік жүргізушісі сақтандыру полисінсіз, ал тағы бес адам ресми түрде жүргізуші куәлігі болмай, автокөлікті жүргізгені үшін қамауға алынды, бұл өрескел бұзушылық болып табылады және жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Мысалы, Кемеңгер ауылының жанындағы «Павлодар-Шарбақты» автожолында полиция қызметкерлері Lexus GS300 маркалы автокөлікті тоқтатты, оның жүргізушісі медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша есірткіден мас болған. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Сот шешімімен ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру