Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефон ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды

Телефон ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық пробация есебіндегі С., есімді ер адам досы екеуі масаң күйде пәтер ұрлығын жасаған. Үй иесінің телефонын қолды қылып, оны бір бөтелке араққа ауыстырған. Екеуі де полиция қызметкерлерімен ұсталып, оларды Жаңақорған аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.

Аудандық пробация қызметіне алынған соң, пробация инспекторлары оған жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір сотталған жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

– Қазір екеуміз де кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімізді атқарып жүрміз. Ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарын бағынып, жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру