Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері мал ұрлығымен күресуде

Алматы облысының полицейлері мал ұрлығымен күресуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл ауданы ПБ бастығы Асхат Тегенбаев мал ұрлығын алдын алу бойынша баяндама жасады.

– Алматы облысы мал шаруашылығы дамыған өңірлердің біріне жатады. Жамбыл ауданында мал ұрлығының алдын алу және оны ашу міндеті бірінші кезекке қойылған. Мал ұрлығының басым бөлігі олардың жайылымда қараусыз салдарынан орын алады. Азаматтардың жоғалған малды өздері іздеп 3-10 күн кейін арызданғаны да теріс әсер етеді. Көбінесе азаматтардың малды күзетуде шара қолданбаулары жоғалған малды және қылмыскерлерді ұстауда ауыртпашылық тудырады, – дейді Жамбыл АПБ бастығы Асхат Тегенбаев.

Жамбыл ауданының полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында төмендегі жаднаманы ұсынады:
1) Ірі қара малдардың қозғалысын бақылауда GPS-трекер тиімді шешім болып табылады. Себебі спутниктік антенналардың бағдарламалық жасақтамасының көмегімен мойнына жаға тәріздес датчик тағылған жануарлардың нақты жүрген жерін анықтауға болады. Ірі қара мал бұндай “трекерге” қарағанда әлдеқайда қымбат, сонымен қатар табынның “көшбасшысын” ғана трекермен жабдықтау жеткілікті.
2) Ең алдымен жануарды сәйкестендіру қажет, таңба қойдыру, мүмкіндігінше трекерлермен жабдықтау;
3) Жануарлар тұратын орындардың қоршауын күшейту, олардың көп шоғырланатын жерлеріне жарықтар, мүкіндігінше бейнебақылау камераларын орнату өте маңызды;
4) Малды ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмау;
5) Жайылымдарда шопандардың малды ұжымдық жаюын ұйымдастыру;
6) Мал ұрлығын полиция қызметкерлеріне жедел хабарлау үшін, шопандарды мобильді байланыс құралдарымен жабдықтау;
7) Барлық шопандарға егер мал жайылым аумағында таныс емес автокөлік немесе атпен жүрген тұлғалар пайда болған жағдайда, шопандар олардың қандай мақсатпен жүргендерін, кімге келгендері туралы міндетті түрде сұрастырулары қажет; Таныс емес тұлғларды және олардың автокөліктерін фото және бейне таспаға түсіру; Олардың пайда болғаны туралы жедел түрде учаскелік полиция қызметкеріне хабарлау жайында нұсқау беру қажет.

Жыл басынан бері Жамбыл ауданының аумағында қылмыстың осы түрінің 49 дерегі тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған 243 бас малдың 43 басы заңды иелеріне қайтарылды. Жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыра отырып, бұрын жасалған тоғыз қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру