Павлодар облысында 300-ге жуық адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді
Биыл Павлодар облысында 300-ге жуық адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері алкоголь ішіп, қоғамдық орындарда мас болған 7606 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құқық бұзушылықтың алдын алудағы шаралардың бірі – маскүнемдіктен зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу. Биыл мәжбүрлеп емдеуге 289 адам жіберілді.
Мысалы, Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге Ленин кентінің тұрғынын жіберді.
Айта кету керек, 42 жастағы ер адам қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық фактілері бойынша 10 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жылдың басынан бастап осы азаматтың тұрғылықты жері бойынша «102» оператордың пультіне 8 шақырту келіп түсті.