Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Covid-19 белгілері анықталған тұрғынға көмектескен полицейлер оқшауланды

Шымкентте Covid-19 белгілері анықталған тұрғынға көмектескен полицейлер оқшауланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске сала кетейік, 18 қараша таңғы сағат 08.00 шамасында Республика даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатып кенеттен өзін нашар сезініп, есінен танып құлап қалған. Патрульдік полиция полкінің инспекторлары бұл туралы хабарламаны алып, дереу азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Белгілі болғандай, құтқарылған азаматтан Covid-19 індетінің белгілері анықталып, өкпесі қабынған.

Қазіргі таңда егде жастағы тұрғынға көмектесіп, тығыз қарым-қатынаста болған тәртіп сақшыларынан арнайы сынама алынды, сондай-ақ олар тиісті медициналық талапқа сай оқшауланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру