Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында шаруа қожалығынан жылқы жымқырған ұры ұсталды

Қарағанды облысында шаруа қожалығынан жылқы жымқырған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне 47 жастағы шаруа қожалығының басшысы хабарласқан. Оның айтуынша, бес күн бұрын белгісіз біреу жайылымнан жылқы ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғады.

15 қарашада “Мал ұрлығы” профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 54 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, ұрланған жылқы тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру