Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғынның сағатын тартып алған ер адам анықталды

Қарағандыда тұрғынның сағатын тартып алған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жеке үйлердің бірінде үй иесін тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін Қарағанды қаласының патрульдік полиция полкінің жасағы мен учаскелік полиция қызметкерлері келді. 31 жастағы жәбірленуші күдіктінің күш қолданып, құны жеті мың теңге тұратын қол сағатын алып кеткенін айтты.

Жедел-іздестіруге кіріскен полицейлер күдіктіні – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру