Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жыл басынан 904 мас жүргізушіні анықтады

Қызылордалық полицейлер жыл басынан 904 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қараша күні патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Ваз-2107 маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Қызылорда қаласының 47 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық 18 қараша күні орын алды. 31 жастағы жүргізушісі Ваз-2110 автокөлігін масаң күйде басқарған. Оған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жіберілді.

Аталған деректер бойынша бүгін, яғни 18 қараша күні Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен онлайн форматында сот отырысы болып, жоғарыда аталған жүргізушілерге қатысты әкімшілік істер қаралып, сот шешімімен құқық бұзушылар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша көлік құралын мас күйінде жүргізген 904 жүргізуші анықталды.

– Жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіздер. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болады. Осы ретте, автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру