Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 5 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Павлодар облысында жыл басынан бері ЖҚЕ бұзған бес жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жыл басынан бері бес жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Павлодар қаласы Сәтбаев – М.Горький көшелерінің қиылысында BMW автокөлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші төрт жолақты екі жақты жолда келе жатып, қосарлы үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өту арқылы қарсы қозғалысқа арналған жол жиегіне шығып кеткен, осылайша Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 9.2-тармағын бұзған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, сот азаматты 6 айға жүргізуші куәлігінен айырды.

– Егер автокөлік жүргізушісі біржақты қозғалыспен көшеге шықса, онда құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бұзушылық үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Павлодар облысында жол белгілерінің нұсқамасын сақтамаған 2172 адам анықталған, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Полицейлер тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Балалар оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында барынша мұқият болуларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру