Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 62 жастағы ер адамды ит қапты

Павлодар облысында 62 жастағы ер адамды ит қапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда сағат 17.30-да Павлодар ауданы Үміт ауылында 62 жастағы тұрғын малды қарсы алу үшін ауылдың шетіне шыққан. Кенеттен алдынан қарсы “төбет” тұқымды ит жүгіріп шығып, оған бас салды. Салдарынан ер адамның қолы жараланды. Куәгерлер жедел жәрдем мен полицияны шақырды. Ер адам жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

Полиция иттің иесін анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабының 2-бөлігі (Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан иттерді ұстау және серуендету қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция бос тұрған ит – жауапсыз иелердің иті екенін еске салады. Ол агрессивті болуы мүмкін, қоқысты аралап жүріп, мұндай ит инфекцияның тасымалдаушысы бола алады, көліктерге қарай жүгіріп, қауіпті жағдайлар туғызады. Еркін жүретін ит сонымен қатар балалардың, мектеп оқушыларының және елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру