Павлодар облысында айыппұл төлемеген 4 жүргізушінің көлігі айыптұрағына қойылды
Павлодар облысында айыппұл төлемеген 4 жүргізушінің көлігі айыптұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Апта сайын Павлодар облысында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, оның аясында полиция қызметкерлері төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар автокөліктерді тексереді.
– Іс-шараның екі күнінің ішінде Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 1 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа төрт автокөлік қойылды. Айта кету керек, 400-ден астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Қанат Кәрімжанов.