Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды

Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында облыс аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.

– Осы уақыт аралығында Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары 200-ге жуық пәтерді, саяжайларды қамти отырып, облыс көлемінде орналасқан 253 қыстақтар мен шаруа қожалықтарды тексерді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Іс-шара барысында қаруды сақтау және тіркеу мерзімдерін бұзудың 13 дерегі анықталып, бес қару бірлігі тәркіленді.Ата-аналардың тарапынан тиісті бақылауының жоқтығына байланысты ұсақ бұзақылық жасағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 217 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді. Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген ​ бала өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына екі жасөспірім орналастырылды.

Бұдан басқа, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3012 мың азамат жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 120 жанжалқой ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру