Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған арнайы орталыққа орналастырылды

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметі есебіне алынған азаматқа Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188- бабымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, екі жыл  мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына  сотталып, жазасының барлық мерзімінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленген.

Есепке алынған ер адамға пробация қызметкерлері әлеуметтік көмек көрсетіп, денсаулық жағдайын тексертіп, медициналық тексерістен өткізген. Сотталғанды зерделеу барысында оның тұрғылықты мекенжайы жоқ екендігі де анықталды.

Нәтижесінде пробация қызметкерлері сотталғанды Қызылорда қаласындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған мекемеге  орналастырды.

– Есептегі  Б., есімді сотталғанды осы орталықта бір жылға дейінгі мерзімге орналастырдық. Жалпы жыл басынан орталыққа пробация есебіндегі жеті адам орналастырылды. Соңғы орналастырған азаматты жұмысқа орнастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Әзірге ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін күніне төрт сағаттан асырылмай өтеуде, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б. Наурызбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру