Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында алимент төлемей, жасырынып жүрген шетелдіктер анықталды

Павлодар облысында алимент төлемей, жасырынып жүрген шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында заңнаманы бұза отырып келген 146 шетелдік анықталды, олардың 13-іне қатысты елден шығарып жіберу туралы шешім қабылданды, қалғандарына айыппұл санкциялары мен әкімшілік қамауға алу қолданылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 21 жұмыс беруші айыппұлға сотталды. Облыстың 84 тұрғынына шетелдіктердің келуі туралы полицияға хабарламағаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. 

– Мал бағу жайылым орындарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 12 борышкерді және алимент төлемеушілерді ұстады. Май ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жасырынған 48 жастағы ер адамды анықтады. Алыс қашықтықта ол табыншы болып жұмыс істеді. Тағы бір 43 жастағы алимент төлемеуші 2014 жылдан бастап көрші мемлекетте өз міндеттерінен жасырынып жүрды, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстанға оралып, жауапкершіліктен жалтарады деп үміттеніп, Успен ауданының шалғайдағы жайылымда бақташы болып орналасты, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Сонымен қатар екі борышкер Қарағанды қаласында, іздестірілуші ауруханада емделіп жатқан жерде және Ресей Федерациясының Свердлов облысының Новая Ляля қаласында анықталды. Барлық материалдар сот орындаушыларына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Мигрант» іс-шарасы 2021 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру