Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада дүкен ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Қызылордада дүкен ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусымда Қызылорда қаласының Полиция басқармасына арыз түсті. Белгілі болғандай, сауда орталықтарының бірінде белгісіз адамдар төрт дана ерлер шалбарын ұрлап кеткен. Материалдық шығын 50 мың теңгені құрады.

Сауда орталығында орнатылған бейнекамералардың арқасында полиция қызметкерлері ұрыны ұстады. Күдікті облыс орталығының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (Бірнеше рет жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру