Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында аурухана қызметкерінің әмиянын ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында аурухана қызметкерінің әмиянын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері бейнебақылау камерасының көмегімен аурухана үй-жайларының бірінде мүлік ұрлаған Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

– Анықталғандай, күдікті ем алған медициналық мекемеде болған. Құлыпталмаған есікті байқап, ол кеңсе бөлмесіне кіріп, бөтеннің сөмкесінен банк картасы, құжаттары және қолма-қол ақшасы бар әмиянды жымқырған. Ауруханадан шыққаннан кейін ол ұрланған картаның көмегімен жақын дүкенге бет алып, темекі мен тамақ сатып алған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция атап өткендей, ағымдағы жылы облыс аймағында 985 бөтен мүлікті ұрлау фактісі тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға төмен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру