Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыл тұрғыны өгей қызын ұрғаны үшін қамауға алынды

Павлодар облысында ауыл тұрғыны өгей қызын ұрғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауылының тұрғыны мас күйінде жұмыстан оралып, «үйдің қожайыны кім» екенін көрсетпекші болды. Жанжал кезінде ер адам бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған қызының жағынан шапалақпен ұрған.

– Әйел полицияға жүгінді. Учаскелік полиция инспекторы 40 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлімі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған ұрып-соғу) бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ полиция сотқа 40 жастағы ер адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жіберді, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушысы Серік Үсенов.

Сот қаулысымен құқық бұзушы төрт тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ ер адамның мінез-құлықына үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру