Павлодар облысында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді
2020 жылғы 29 қаңтарда сағат 08.25-те аудандық аурухананың бас дәрігерінің хабарламасы бойынша, құрамында жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Абдуалиев Мухамедканапия Насриденұлы, бас құтқарушы Чаленко Валерий Николаевич және құтқарушы Сатканов Дәурен Қалижанұлы бар Павлодар қаласының құтқару бөлімшесі «Трэкол» жол талғамайтын көлік құралында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шықты, онда 1991 жылы туылған жүкті әйелді облыстық перинаталдық орталыққа жеткізу қажет болды. Жолсыздық тезірек жетуге кедергі жасады.
Негізгі мәселе Шалдай ауылынан Шоктал ауылына дейінгі жол орман алқабы, төбешік жері арқылы өтетін болды. Қар жамылғысының жағдайы 35 см-ден 1 метрге дейін, қар борпылдақ болды.
Сағат 12.00-де құтқарушылар алдымен Шарбақты ауданының Шалдай ауылына дейін келіп, Шалдай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының медбикесін және акушер-гинекологын алып, Аққулы ауданының Шоктал ауылына босанатын әйелдің тұрғылықты жеріне барды. Келген соң дәрігерлер жүкті әйелді тексеріп, босанатын әйелді облыстық перинаталдық орталыққа жеткізу туралы шешім қабылдады. Сағат 17.17-де құтқарушылар 340 шақырымды бағындырып, әйел адамды осы медициналық мекеменің дәрігерлеріне жеткізді.