Павлодар облысында автокөлік жылқыны қағып кетті
Павлодар облысында автокөлік жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 мамыр сағат 22-30 шамасында Павлодар – Қызылорда автожолында, Береке ауылының жанында 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Corolla автокөлігі жылқыны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ауруханаға түсті.
Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
– Ақсу қаласының полицейлері аталмыш малды қараусыз қалдырмай бағуға жауапты бақташыны анықтап, орын алған бұзушылық үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыс жолдарында иесіз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының кесірінен барлығы жеті ЖКО тіркелді.