Павлодар облысында балалардың түнгі серуені үшін 1467 заңды өкіл жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Павлодар облысында балалардың түнгі серуені үшін 1467 заңды өкіл жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды ұдайы түрде өткізеді.
24 шілдеде Железин ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері 15-17 жастағы жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүру фактілерін анықтады.
Аталған фактілер бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 442-бабының 2-бөлігімен ескерту түріндегі әкімшілік жазаны қарастыратын әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жыл басынан бері Павлодар облысында 1467 заңды өкіл балаларының түнгі серуені үшін жауапкершілікке тартылды.