Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бір қора қойды иттер қырып кетті

Павлодар облысында бір қора қойды иттер қырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 наурыз күні Павлодар облысының Ақсу қаласы полициясына Айнакөл аулының Көктас бөлімінде бірнеше ит үш қой мен 9 қозыны қырып кетті деген хабарлама түсті.

Яғни, 27 наурыз сағат 03.00 мен 04.00 аралығында ауыл тұрғыны үйінің аумағындағы қой қорасына үш ит кіріп, қойларды қырып тастаған. Мал иесінен түскен мәлімдемесі бойынша 400 мың теңге көлемінде залал келтірілді.

– Учаскелік инспектор бір иттің иесін анықтады. Иттің 46 жастағы иесіне ӘҚБТК-нің 408-бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған бап бойынша 10 АЕК , яғни 30 мың теңгеден астам айыппұлды қамтамасыз етеді. Хаттама көшірмесі бойынша зардап шеккен жақ азаматтық тәртіп бойынша залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге құқылы, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру