Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында демалыс күндері екі жол-көлік оқиғасы болды

Павлодар облысында өткен демалыс күндері екі жол-көлік оқиғасы болды. Адам шығыны бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйек сағат 22-00-де Қызылтаң ауылының жанындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 338 шақырымында Toyota Sequoia автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. ЖКО салдарынан 38 жастағы жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Екінші жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйек сағат 00.10-да «Ленин-Курчатов» автожолының 101 шақырымында Кеңтүбек ауылының маңында болды. Онда ВАЗ-21099 және ВАЗ-2106 автокөліктері соқтығысып қалды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2106 автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 30 жастағы жүргізуші мен 29 жастағы жолаушы, сондай-ақ ВАЗ-21099 автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактілер бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру