Павлодар облысында іздеуде жүрген 23 қылмыскер анықталды
Павлодарлық полицейлер іздеудегі 23 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының жедел полиция қызметкерлері түрлі қылмыс жасағаны үшін тергеу органдарынан жасырынып жүрген 23 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.
– 10 түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған, екі азамат бойынша оларды экстрадициялау туралы мәселе шешілуде. Алты азамат қарақшылық шабуыл жасағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені, тонау, ұрлық жасағаны және есірткі заттарын заңсыз айналымы үшін ұсталды. Сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен үш азаматтың мекенжайы анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Мәселен, Павлодар қаласында алаяқтық жасағаны үшін іздестірілген Ресей Федерациясының 24 жастағы азаматшасы ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша Павлодар қаласы ПБ УҰИ қамауға алынды.
Екібастұз қаласында 2019 жылы денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген РФ ІІМ Түмен облысы бойынша іздестіріліп жатқан 32 жастағы Қазақстан азаматы анықталды.