Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты

Павлодар облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 26 тамыз сағат 16.25-те Маралды ауылы маңындағы 50 км жердегі Шарбақты-Павлодар автожолында 38 жастағы Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі жолай келе жатқан КамАЗ 6520 автокөлігінің тіркемесінің артқы бөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен 38 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қалиақбаров.


Полиция қызметкерлері автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізілуді. Сараптама тағайындалды.

Айта кету керек, биылғы жылы облыс жолдарында 263 ЖКО тіркелген, соның нәтижесінде 44 адам қаза тауып, 403 адам жарақат алған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 80 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру