Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 7 жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 7 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25-29 сәуір аралығында Павлодар облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің бірінші күні облыс аумағында 16 қылмыс ашылды. Тыйым салынған заттарды (оқ-дәрілер, атыс және суық қару) заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін 3 адам ұсталды. Барлығы 589 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 152 факт тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұру, 100 факт алкоголь ішімдіктерін ішу. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық үшін 51 павлодарлық жауапқа тартылды. Ертіс өңірі тұрғындарының жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды. Жол қозғалысы ережелерін ескермеген 67 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, үш жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін жауапқа тартылды. Жолдарда мас күйде көлік тізгіндеген 7 жүргізуші ұсталды, бұл сот-медициналық сараптама нәтижелерімен расталады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәселен, 25 сәуірде Ақсу қаласында Абай-Энергетик көшесінің қиылысында Racer мотоциклі тоқтатылды. Белігілі болғандай, 44 жастағы жергілікті тұрғын мотоциклді мас күйде басқарған.

Сол күні Песчаное ауылында 55 жастағы ауыл тұрғынының басқаруымен YAGI мотоциклі тоқтатылды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, мотоциклші «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру