Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер төленбеген 51 айыппұлы бар жүргізушіні анықтады

Атыраулық полицейлер төленбеген 51 айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуір күні Атырау қаласы Полиция басқармасының ЖБО бейнебақылау қызметкерлері “Interceptor” іздеу жүйесі арқылы Махамбет көшесі бойынан 1,2 млн теңгеден астам төленбеген 51 айыппұлы бар Ресей мемлекетінің есебінде тұрған Chirman көлігін анықтап, Батыс-23 қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша аталған көлік Құрманғазы көшесі бойынан тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған көліктің жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ міндетті сақтандыру шартын жасамағаны белгілі болды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлімімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік хаттама жасақталып, барлығы 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру