Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ұры автокөліктің фараларын шешіп алған

Нұр-Сұлтанда полицейлер көліктің фараларын шешіп әкеткен ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Алматы” ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның көлігінен фараларды ұрлап кеткенін жеткізді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында көліктің фараларын ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған 23 жастағы жігітті ұстады.

Қаскөй өзінің автокөлігіне ұқсас BMW маркалы машинаны байқап, оның фараларын шешіп алғаны анықталды. Күдікті ұрланған фараларды өз көлігіне орнатпақ болған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру