Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушілер анықталды

Павлодар облысында мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында мас күйде мотоцикл басқарған жүргізушілер ұсталды.

– Патрульдеу кезінде Северное ауылында Raser мотокөлігі тоқтатылды. Медициналық қорытындыға сәйкес, 37 жастағы жүргізуші көлікті ауыр дәрежелі мас халде басқарған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотта қаралды. Сот шешімімен құқық бұзушыға көлік басқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Тәртіп сақшысы тағы бір мысал келтірді – Голубовка ауылында жанынан алкогольдің өткір иісі шыққан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Медициналық куәландыру жүргізушінің орташа дәрежеде мас екенін көрсетті. Сонымен қатар, ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі болған жоқ, ал мотокөлік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері де тағылмаған. Жүргізушіге қатысты осы бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 6-бөлімі, 593-бабы 2-бөлімі, 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот қаулысымен ауыл тұрғынына 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мотоциклдер арнайы айып тұрағына қойылды.

Спикер сондай-ақ «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ауданда 71 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталғанын, оның нәтижелері бойынша кемшіліктерді жоюға 2 ұйғарым жазылғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру