Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда әйел сатылымда тұрған алтын білезікті ұрлап кетті

Түркістанда әйел сатылымда тұрған алтын білезікті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ға алтын бұйымдарды сатумен айналысатын сатушы әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның сатылымда тұрған алтын білезігін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 250 мың теңгеге жуық.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Нәтижесінде, түркістандық тәртіп сақшылар күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, Полиция басқармасына жеткізді.

Анықталғандай, күдікті жас әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында сатушының байқамай тұрған сәтін пайдаланып, алтын бұйымды жымқырған. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған алтын әшекейлерді тауып, заңды иесіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру