Павлодар облысында мас жүргізуші 15 күнге қамалды
Павлодар облысында мас жүргізуші 15 күнге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 8 наурызда патрульдеу кезінде Ертіс ауданының полицейлері 43 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-21074 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде болғаны анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Полицейлер құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сотта ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындады және рульге отырмас бұрын аздап шарап ішкенін түсіндірді.
Нәтижесінде, Ертіс аудандық соты ер адамды әкімшілік қамауға алу түрінде 15 тәулікке жазаға тартып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырды.