Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері 35 түп көшет отырғызды

“Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына” орай ұйымдастырылған “Көшет отырғызу” науқанын Алматы полициясының қызметкерлері қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының, сондай-ақ Әуезов аудандық Полиция басқармасы мен бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті әкімдік өкілдерінің көмегімен Мамыр-2 шағын ауданында көшет отырғызды.

Бұл массивтің тұрғындары да белсенділік танытты.

Мақсат – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жаңа жасыл аймақтарды жабдықтау.
Шараға қатысушылар мұндай науқандардың қарқын алып, жыл өткен сайын бейжай қарамайтындар көбейетініне сенімді.

Бүгінгі шараға 35 адам қатысып, 35 түп қайың көшеті отырғызылды.

Полиция барлық қатысушыларға “Есірткіге бірге қарсымыз!” және “Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз!” жадынамаларын таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру