Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қалта ұрыларын ұстады

Алматы полициясы қалта ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 және 31 жастағы ер адамдар қалалық қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген. Олар №7 және №57 деген екі бағытта жүрген. Олар негізінен әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын ұрлаған, ер адамдармен байланыспады.

– Қаскөйлер айғақтармен ұсталды. Қарбалас уақытта әйел адам біреудің оның телефонын қалтасынан шығарып алғанын байқады. Ол айқайлай бастады. Күдіктілер қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Алайда екеуі де ұсталып, айғақ ретінде ұялы телефон тәркіленсе, автобуста орнатылған бейнебақылау камерасының деректері де бұлтартпас дәлел. Олар ұрлық дерегін тәркіледі. Қазір уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз, – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Спикердің айтуынша, ұсталғандардың екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Бірі дәл қалта ұрлығымен айналысса, екіншісі пәтер ұрысынан “қалта ұрысына” ауысқан.

Полиция қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына үндеу салды. Осы азаматтардың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға шақырамыз: 8-775-117-00-06; 8-747-133-84-44.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру