Павлодар облысында мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды
Павлодарда мас күйінде мотоцикл айдаған азамат 20 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Аққулы ауданының ПБ қызметкерлері рейдтер кезінде мотоцикл айдап келе жатқан азаматты тоқтатқан, көлікті Ямышево ауылының 38 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде одан алкогольдің иісі шығып тұрған, өткізілген сараптама нәтижелері аталған жүргізушінің мас екенін дәлелдеді.
Жоғарыда аталған көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырылып, материал аудандық сотқа жолданды. Аққулы аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.