Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде

Қызылордада 22-26 ақпан аралығында “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткінің заңды айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан “Дәрмек” іс-шарасының екі күнінде облыс полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың үш дерегін және ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабымен (Лицензиялау нормаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықтың бір дерегін және ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабымен (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) көзделген құқық бұзушылықтың төрт дерегін анықтады. 

Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 16 дәріхана, 1 қойма, 5 мекеме тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру