Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бір тәулікте 31 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Атырау қаласында бір тәулік ішінде 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында 31 жол-көлік оқиғаcы тіркелді.

Мысалы, 22 ақпан күні сағат 13:50 шамасында 2001 жылы туған азамат “Ваз 21093” маркалы автокөлігін басқарып келе жатқанда  Береке мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей, алдында тұрған “Yutong” маркалы автокөлікке соқтығысқан.

Бұдан басқа, сол күні сағат 19:09 шамасында 21 жастағы азамат “Volkswagen Tiguan” маркалы автокөлігімен Абай-Махамбет көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол беріп,  бір бағытта келе жатқан “Kia Rio” маркалы автокөлікке соқтығысқан.

Осы орайда Атырау облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық режимін сақтау, қозғалыс кезінде автокөліктердің арасындағы арақашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру