Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мерзімі өткен жеке куәлікпен жүрген азаматқа айыппұл салынды

Павлодар облысында мерзімі өткен жеке куәлікпен жүрген азаматқа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың жеке куәлігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап 10 жыл мерзімге беріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігі бойынша не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз 10 күннен 1 айға дейінгі мерзімде тұруы – ескертуге әкеп соғады. Осы мерзім өткеннен кейін азамат ҚР ӘҚБтК-нің 492 – бабының 2-бөлігі бойынша 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– 2023 жылдың 7 айында Екібастұз қаласы ПБ полиция қызметкерлері осындай 765 бұзушылықтың жолын кесті. Егер кейбіреулер мұны уәкілетті органға барып, жеке басын куәландыратын құжаттың жоғалғаны немесе кешіктірілгені туралы мәлімдеуге уақыт болмағандығымен түсіндірсе, басқалары айыппұл салу түріндегі жауапкершілік туралы білмеді, – дейді Екібастұз қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Руслан Оразханов.

Мысалы, қаланың 23 жастағы тұрғыны күйеуінің тегін алған, бірақ жеке куәлігін ауыстыруды ұмытып кеткен. ХҚКО-ға 10 айдан кейін жүгінген кезде құжаттың жарамсыз екендігі туралы білген. Тағы бір қала тұрғыны бір жылдан астам уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болып шыққанын аңғармаған және ол ХҚКО-ға жүгінген кезде ғана осы үшін бұзушылық бар екенін білген. Өйткені ол жеке куәліктің жарамдылық мерзіміне назар аудармаған. Оған қатысты 7 АЕК (24150 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері артық ақшалай шығындарды болдырмау үшін азаматтарға өздерінің жеке құжаттарының қолданылу мерзімін үнемі тексеріп отыру қажеттігін ескертеді. Павлодар облысында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 5592 фактісі жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру