Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мінсіз қызмет атқарған полицейлер марапатталды

Қазақстан полициясы және мемлекеттік қызметші күнімен жеке құрамды Павлодар облысының ПД бастығы Василий Скляр құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым – Қазақстан полициясы тарихындағы ерекше күн.

– Учаскелік инспектор және тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер, қатардағы жауынгерлер мен офицерлер, ішкі істер органдарының ардагерлері , Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын және сіздерге таңдаған істе адалдықтарыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау – асыл және құрметті миссия. Адамдар, ел және заң алдындағы үлкен жауапкершілік! Біздің ортақ еңбегіміз өңіріміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Василий Скляр.

Сондай-ақ ПД бастығы барлық мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, әділетті мемлекет құру үшін әрқайсымыз шынайы патриотизмнің, адалдықтың және іске жауапкершілікпен қараудың үлгісі болуымыз керек екенін атап өтті. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Павлодар полициясының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне салтанатты түрде мерзімінен бұрын атақтар, грамоталар және алғыс хаттар берілді.

Министрдің бұйрығымен департамент штабы басқармасының бастығы Арыстан Дүйсембаевқа полиция полковнигі атағы мерзімінен бұрын берілді. Полиция подполковнигі атағы департаменттің тергеу басқармасының бастығы Оралов Берікке, департаменттің ЖҚАЖ командирінің орынбасары Нұрлыбек Қалиевке, департаменттің аға криминалисті Дмитрий Желнинге, Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің аға инспекторы Ботагөз Төлеуоваға және департаменттің оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Төлеген Шалабаевқа берілді.

I дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен Кристина Анциферова мен Арнур Шериязданов марапатталды. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен ЖҚАЖ взводының командирі Рустам Күзембаев марапатталды. Павлодар облысы әкімінің өкімімен Павлодар қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Түсіповке алғыс жарияланды. Сонымен қатар қызметте ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлер медальдармен марапатталды.

Бұл күні ардагерлер назардан тыс қалған жоқ. Ішкі істер органдарындағы көп жылғы мінсіз қызметі және құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін департамент бастығының құқықтарымен ІІО-ның 20 ардагері өздерінің лайықты марапаттарын алды. Тағы 150 полицей грамоталармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру