Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облыстық ҚАЖД-да сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 23 – маусым Қазақстан полициясы күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты іс-шараны ашқан Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Руслан Уразбаев және Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлері кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов, ҚАЖ қызметкерлерінің деніне саулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тіледі.

Мерекелік шарада “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен: Хромтау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Айнұр Болатпаева, Ырғыз аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы Есет Әбдіразақов, №70 мекемесінің кезекшілік қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары Мақсат Кубенов, №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпус бойынша аға қызметкері Айбек Абишев, №8 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің кәсіби даярлық және дене шынықтыру бойынша инспекторы Изат Нугманов, №8 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы Исатай Шотпаков, №8 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі Арслан Жалгасов, №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің аға бақылаушысы Мади Қуаныш, №9 мекемесінің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі Нұрберген Кенжетай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы Махамбет Қойшыбаев марапатталды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаевтың алғыс хатымен №70 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Алмаз Тиыштықбаев, №8 мекемесі заң тобының заңгері Бакытгул Усерова, №8 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің инспекторы Багдагуль Сайжанова, №9 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің қойма меңгерушісі Бибигуль Туребаева марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын әділет майоры арнайы атағы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №8 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы Алтынбек Саргалдақовқа берілді.

“Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы Ардак Юсупов, Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы Колганат Табанов марапатталса, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Аслан Жакуповке ҚР Ішкі істер министрінің алғысы жарияланды.

Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша әкімінің алғыс хатымен Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Наурызбек Уйкасов және Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Нургуль Тюлегенова марапатталды.

Мерекелік шарада Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің дамуына үлес қосқан сала ардагерлерінің еңбегі де қалыс қалмады: мерейлі 70 жасқа толған Нұрлан Имашев және 60 жасқа толған Әнес Есқазиев полиция күніне орай, ҚР ІІМ мен Ұлттық Ұлан ардагерлерінің төрағасы генерал Өмірзақ Болсымбековтің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Нұрлан Имашев “ҚР Полициясына 30 жыл” төсбелгісі тағылды. Сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ сала ардагерлері кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов мерейлі жасқа толған сала ардагерлеріне Ардагерлер ұйымы атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру