Павлодар облысында орман ағаштарын кескен тұрғын жазаланды
Павлодар облысында орман ағаштарын кескен тұрғын жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Бесқарағай орман шаруашылығына қарасты “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын орманды қосалқы құрылыстар салу үшін кесіп тастаған.
– Сот оны аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан шектеді. Қазіргі уақытта ол Аққулы аудандық пробация қызметінің есебінде тұр. Жұмысқа орналасқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша онымен әңгімелесу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді пробация қызметінің аға инспекторы Дастан Қилыбаев.
Сондай-ақ, күдікті шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда бас бостандығынан айырылады.