Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тереңкөл аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны танысына қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірді. Анықталғандай, 45 жастағы жергілікті тұрғын өтініш берушінің үйінде келіп, онымен және әйелдің бірге тұратын адамымен бірге спирттік ішімдіктер ішіп, жанжал шығарған, оған дөрекі сөйлеп, тіл тигізген. Жанжалға өтініш беруші әйелдің бірге тұратын адамы да қосылып, әйелді ұрып-соққан. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік қамауға алынды.
Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл шараларының кешенін жүргізеді. Әкімшілік учаскелерді аралау жүргізіледі. Полицияның қоғамдық көмекшілерімен рейдтер жүргізілуде. Учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтайды.
Есепте тұрған адамдармен тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Алкогольді ішімдіктерді жүйелі түрде теріс пайдаланған жағдайда тұрғындар жауапкершілікке тартылып, мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.
Жыл басынан бері Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында полиция қызметкерлері 2000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Жүріс-тұрысқа 456 ерекше талап қойылды, оның ішінде 448 адамға қатысты алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салу шектеуі қойылды, 3 000 қорғау ұйғарымы шығарылды, оларды бұзғаны үшін 335 отбасылық жанжалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.