Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында пойыз 9 жылқыны қағып кетті

Павлодар облысында пойыз 9 жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жүк пойыздары Ерейментау – Қоржынкөл, Жолқұдық – БП-434 және Грэс-1 – Грэс-2 аралықтарында үш жылқыдан қағып кетті. Пойыз машинистері соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеу қолданды, бірақ соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 1 сағат 20 минутты құрады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иелерін анықтады. Олардың барлығы Павлодар облысының тұрғындары.

Осы фактілер бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік полицейлері мал иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да еске салып, теміржолдардың жанында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру