Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер 4 мыңға жуық қорғау нұсқамасын шығарды

Павлодар облысында полицейлер 4 мыңға жуық қорғау нұсқамасын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысының учаскелік полиция инспекторлары 3782 қорғау нұсқамасын шығарды. Сот тәртіп бұзушылардың жүріс-тұрысына 466 ерекше талап қойды, оның ішінде 386 тәртіп бұзушыға алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін 343 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазалау шарасы қолданылды.

Әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 1547 жанжал шығарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 22 маусымда Екібастұз қаласында 59 жастағы отағасы қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды. Ер адам 16 маусымнан бастап 30 күн бойы қорғау нұсқамасының қорғауында болған әйеліне жанжал шығарды. Бұл бұзушылық үшін ер адам 3 тәулікке қамауға алынды. Біраз уақыттан кейін, яғни 2 шілдеде қала тұрғыны қорғау бұйрығын қайтадан бұзды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 461-бабы бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру