Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицияға 104 мыңнан астам қоңырау келіп түсті

Павлодар облысында полицияға 104 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысы бойынша барлығы 104 мыңнан астам шақырту келіп түсті. «102» оператордың пультіне күн сайын 300-ге жуық шақырту келіп түседі, бұл тек Павлодар қаласы бойынша ғана, демалыс күндері полицияға жүгінулер саны 600-ге дейін артады.

Кейбір жағдайларда тұрғындар тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек сұрайды. Қызықты жағдайлар да болып тұрады.

– Мәселен, полицияға Павлодар тұрғыны жүгініп, пәтерінің есігін сыртынан көбіктендіріп жапқан інісін жауапқа тартуды сұрады, соның салдарынан жігіт үйден шыға алмағандығын айтты. Анықталғандай, ағайындылар бірге тұрады. Қала тұрғыны мас болғандықтан, ағасы оны үйіне кіргізбеген. Содан кейін ер адам кек алу үшін есігін сыртынан көбіктеп жабуға шешім қабылдаған. Қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, адамдар белгілі бір жағдайларда көмек сұрап қоңырау шалады.

Мысалы, пәтердің есігін кілтпен аша алмаған қарт адам жүгінді. Шақыруға келген тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғынына осы мәселемен көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру