Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз қалған малдың қатысуымен бірнеше ЖКО орын алды

Павлодар облысында қараусыз қалған малдың қатысуымен бірнеше ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал иелерінің жауапсыздығынан 8-9 шілдесіне қараған түні Павлодар облысы Май ауданы Жаңатілек ауылы мен Еңбекші ауылы маңындағы республикалық автожолда малдың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда, көлік жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен жоқ.

Жануарлардың иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жағдайда, Шарбақты ауданында 12 шілдеде меншік иесінің ұқыпсыздығынан жол үстінде жүрген мал апаттық жағдай туғызды. Мал айып тұрағына қамалды. Иесі ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Полиция ҚР ӘҚБтК 408-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жыл басынан бері 2122 мал басының иесі мал жаю ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру